Türk Dünyasının Gerçek Lideri: Nursultan Nazarbayev

 

 

Dr. Serdar YILMAZ

Muğla Sıtkı Koçman Üniversitesi, Uluslararası İlişkiler Bölümü

 

Batı’da Balkanlardan başlayıp Doğu’da Büyük Okyanus’a, Kuzey Buz Denizi’nden Tibet’e uzanan 11,2 milyon kilometrekarelik büyük bir Türk dünyası gerçeği ile karşı karşıyayız. Çarlık Rusya ve Sovyetler Birliği’nin baskısı altında uzun yıllar kimliklerini koruyan Türk devletleri, 1991 yılında bağımsızlıklarını ilan etmiş ve birlikte bir arada var olabilmenin yollarını aramışlardır. “Uzun yıllar bir abinin kontrolü altında yaşadık, artık yeni bir abi istemiyoruz” diyen ve Türk devletlerinin eşit ve egemen ülkeler olarak görülmesini isteyen Nursultan Nazarbayev, bugüne kadar kurulan ve bütün Türk devletlerine hitap eden önemli organizasyonların kurulmasında inisiyatif almıştır.

Türk kimliğini, Türk dilini, Türk tarihini ve geleneklerini bilen, okuyan, araştıran ve bunlarla ilgili kitaplar yazan biri olarak TÜRKSOY, TÜRKPA, Türk Keneşi ve Türk Akademisi’nin kurulmasında bizzat sorumluluk almıştır. Karabağ’ın Ermenistan tarafından işgal edilmesi konusunda Azerbaycan’a destek vermiştir. Orta Asya Türk devletleri arasındaki sınır sorunlarının çözülmesi için adım atmış ve çatışma çıkmadan sınır sorunlarını çözmüştür.

1991’den günümüze Türk dünyasıyla olan bağların güçlendirilmesi için birlik ve beraberliğin ne kadar önemli olduğunu anlatmıştır. “Ya büyük devletler için hammadde kaynağı olacağız, ya da güçlerimizi birleştirip dünya arenasında önemli roller oynayacağız” diyerek Orta Asya Devletler Birliği’ni kurmayı teklif etmiştir. Türk devletlerinin güçlerini birleştirdiğinde dünya politikasına yön vereceğine inanmıştır. Nitekim Nazarbayev’e, Türk dünyasının bir araya gelmesinde göstermiş olduğu üstün hizmetlerden dolayı Türk Dünyasının AKSAKALI denmektedir.

2018 yılında yazdığı “Büyük Bozkırın Yedi Yönü” adlı makalesinde Türk kimliği, Türk dili ve Türk tarihinin ne kadar köklü ve değerli olduğundan bahseden Nazarbayev, bu değerlerimize sahip çıkarak yeni nesilleri bu şekilde yetiştirmemizi öğütlemiştir.

Nazarbayev, bu söylediklerini teoride bırakmıyor, romantik bir tarih övücülüğü yapmıyor, bilakis, söylediklerini hayata geçiriyor. Örneğin, Asya ve İpek Yolu medeniyetinin tam ortasında ‘Astana’ isimli modern ve büyüleyici bir dünya kenti kurmuştur. Güney Kazakistan’a ‘Türkistan’ adını vermiştir. Türk devletleri arasında dil birliği olsun diye Kiril alfabesinden Latin alfabesine geçmiştir. Kazakistan Meclisi’nde Kazakça konuşulmasını zorunlu tutmuştur. Türk dünyasının son yüzyıldaki en büyük şahsiyeti olan Mustafa Kemal ATATÜRK’ün heykelini başkent Nur-Sultan’da açmıştır. Sadece Türk devletleri arasında değil, bölgesel ve küresel olaylarda arabulucu rolü üstlenmiştir (Astana Süreci, Türkiye-Rusya arasındaki uçak krizi). İzlediği çok yönlü politika ile bölgesel ve küresel barışı teşvik ederek adeta Aksakal kimliğinin hakkını vermektedir.


Türk devlet başkanları arasında Türk kimliğine en bağlı olan ve “Türklüğümüzü çocuklarımıza ve bütün dünyaya öğretelim” diyen Nazarbayev, Türk devletleri arasındaki kültürel ve ekonomik bağların yetersiz olduğunu belirtmektedir. Bunun için her Türkün elini taşın altına sokup sorumluluk alması gerektiğini söylemektedir. Birçok Türk devleti başkanı, hamasi ve teorik konuşup adım atmazken, Nazarbayev somut projelerden bahsetmiştir. Bir Türk devleti önemli bir problem yaşadığında, koltuğunda oturup sadece mesaj vermemiştir. Bizzat o bölgelere gitmiştir. Türkiye’de yaşanan 15 Temmuz hain darbe girişiminden sonra Türkiye’ye giden ilk Türk lideri Nazarbayev’dir. “Türkiye’nin düşmanı bizim de düşmanımızdır” diyerek Türkiye ve diğer Türk devletlerinin yanında olduğunu göstermiştir.

Türk dünyasında sorumluluk sahibi, gerçekçi, geleneklerine, Türk kimliğine ve Türk tarihine bağlı gerçek bir lider arıyorsanız, aradığınız lider Nursultan Nazarbayev’dir. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркі әлемінің  көшбасшысы: Нұрсұлтан Назарбаев

Док. Сердар Йылмаз

Мугла Сыткы Кочман университеті, Халықаралық қатынастар бөлімі

Батыстағы Балқан түбегіннен бастап Шығыстағы Тұнық мұхитқа дейін, Солтүстік Мұзды теңізден бастап Тибетке дейінгі 11,2 млн шаршы шақырым аймақ Түркі халықтарының мекені екені айқын. Патшалық Ресей мен Кеңес Одағының қысымымен көптеген жылдар бойы өздерінің жеке ұлттық құндылықтарын сақтаған Түркі халықтары 1991 жылы тәуелсіздігін жариялап, бірге әрекет жасау жолдарын іздей бастады. “Біз ұзақ жылдар бойы біреудің қол астында өмір сүріп келгенбіз, енді біз олай өмір сүргіміз келмейді” деп айтқан және Түркі халықтарының тең және егемен ел ретінде қалыптасуын қалаған Нұрсұлтан Назарбаев, бүгінгі күнге дейін құрылған және барлық Түркі халықтарының назарын аударатын маңызды ұйымдарды құруда бастама көтерді.

Түркі болмысын, тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білетін, білімді, зерттеуші ретінде және  осыларға қатысты кітаптар жазған Нұрсұлтан Назарбаев ТҮРКСОЙ, ТҮРКПА, Түркі Кеңесі және Түрік Академиясын құруда тікелей жауапты тұлға болды. Қарабақты Армения басып алғанда Әзірбайжанды қолдады. Ол Орталық Азиядағы Түркі мемлекеттері арасындағы шекаралық мәселелерді қақтығыссыз шешуде атсалысты.

1991 жылдан бері Түркі әлемімен байланыстарды нығайтуда бірлік пен ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Назарбаев “біз ірі мемлекеттер үшін шикізат көзі боламыз немесе күш біріктіріп, әлемдік аренада маңызды рөл ойнаймыз” деп Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құруды ұсынды. Түркі мемлекеттерінің күштерін біріктірген кезде ғана әлемдік саясатта басшылық ететініне сеніммен қараған. Расында Назарбаев Түркі әлемін жақындастыруда көрсеткен орасан қызметтері үшін Түркі әлемінің “Ақсақалы” деп атаған.

2018 жылында жарияланған “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласында Түркі болмысы, тілі мен тарихы қаншалықты терең және құнды екенін тілге тиек ете отырып, Назарбаев бұл құндылықтарымызға ие болып, келер ұрпақтарды тәрбиелеуге кеңес берді.

Назарбаев айтқандарын теориялық жүзінде қалдырмай, керісінше іс жүзінде жүзеге асырды. Мәселен, Азия және Жібек жолы өркениетінің ортасында Астанаатты заманауи әрі әсем қала құрды. Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп атады. Ол Түркі мемлекеттерінің арасында ортақ тілге ие болу үшін кириллицадан латын әліпбиіне ауыстырды. Назарбаев Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінде қазақша сөйлеуді талап етті. Сонымен қатар өткен ғасырдағы Түркі әлемінің ең ірі тұлғасы Мұстафа Кемал Ататүріктің мүсінін Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында орнатты. Тек қана Түркі мемлекеттері арасында ғана емес, аймақтық және жаһандық оқиғаларды да бейбіт жолмен шешуде атсалысты (Астана процесі, Түркия мен Ресей арасындағы ұшақ дағдарысы). Назарбаев өзінің жан-жақты саясатымен аймақтық және жаһандық бейбітшілікті негізге ала отырып, Түркі әлемінің Ақсақалы екенін көрсетті.

Түркі мемлекеттері басшыларының арасында түркі болмысына жақын және “түркілік болмысын ұрпағымызға және әлемге үйретейік” деген Назарбаев, Түркі мемлекеттері арасындағы мәдени және экономикалық байланыстардың жеткіліксіз екенін білдіруде. Ол үшін әрбір Түркі халқы жауапкершілікті өз мойнына алу керек екенін тілге тиек етті. Көптеген Түркі мемлекет басшылары айтқандарын іске асырмады, ал Назарбаев нақты жобаларға қадам басты. Түркі мемлекеттері қиын жағдайға тап болғанда, ол бейжай  қарамай, мәселемен жақын танысу үшін сол аймақтарға барды. 15 шілдедегі Түркияда орын алған төңкеріс әрекетінен кейін Түркияға алғашқы болып барған лидер  Назарбаев болды. “Түркияның жауы - біздің жауымыз”, - деп айтқан Назарбаев Түркия мен басқа да Түркі мемлекеттерімен бірге екенін көрсетті.

Егер сіз Түркі әлемінде жауапты, шыншыл, өз салт-дәстүріне, Түркі болмысына және тарихына шынайы берілген тұлға іздесеңіз, Нұрсұлтан Назарбаев сіз іздеген көшбасшы.

Yorumlar

Popüler Yayınlar